Түркістан облысында жаңа өндірістер ашу жөнінде меморандумға қол қойылды

Түркістан облысында жаңа өндірістер ашу жөнінде меморандумға қол қойылды
– деп хабарлайды Пресса24 тілшісі.
Түркістан облысында заманауи индустриялды аймақ пен халықаралық кооперация алаңын құру бағытында маңызды келісім жасалды. Бұл бастама Мақтаарал ауданындағы «Атамекен» кеден бекеті маңынан ашылуы жоспарланған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында жүзеге аспақ.
Аталған жобаны ілгерілету мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытайлық инвестор Чжоу Дань келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен инвестор тарапынан арнайы меморандумға қол қойылды.
Келісім аясында «Түркістан» арнайы экономикалық аймағында интеллектуалды индустриялық кластер құру жоспарланып отыр. Бұл кластер ғылыми-зерттеу, өндіріс, сату және қызмет көрсету тізбегін біріктірмек. Орталық Азияда энергетикалық жабдықтар, энергия үнемдейтін жарық жүйелері, құбырлар, тұрмыстық бұйымдар және өзге де өнімдерді өндіретін ірі индустриялық база құрылмақ.
Жоба үш кезең бойынша іске асырылып, өндірістік қуаттылық кезең-кезеңімен іске қосылады.





