ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БОКСШЫЛАРЫ – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Абай облысының Семей қаласында бокстан ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Байрақты додаға еліміздің барлық өңірінен келген мықты спортшылар қатысып, жоғары дайындық деңгейін паш етті. Түркістандық боксшылар жекелей сында 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, өңір абыройын асқақтатты.

Ерлер арасындағы жарыста:

  • 55 келі салмақта – Сәкен Бибосынов алтын медаль иеленді;
  • 90 келі салмақта – Сағындық Тоғамбай жеңімпаз атанды;
  • +90 келі салмақта – Нұрлан Сапарбай алтыннан алқа тақты;
  • 70 келіде – Мұхамедсабыр Базарбайұлы,
  • 75 келіде – Аман Қонысбек,
  • +90 келіде – Даниял Сапарбай қола медаль иегерлері атанды.

Ал әйелдер құрамасы да өз шеберліктерін дәлелдеді:

  • 57 келіде – Ұлжан Сәрсенбек чемпион атанса,
  • 65 келіде – Аружан Жанабаева күміс жүлдегер болды.

Бұл жетістік Түркістан облысы бокс мектебінің жоғары деңгейін, спортшылар мен жаттықтырушылардың жүйелі еңбегінің нәтижесін көрсетті. Команданың табысты өнер көрсетуі өңір спортының қарқынды дамып келе жатқанын айғақтайды.

Түркістан облысының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан боксының жаңа биіктерін бағындыруда.