ТҮРКІСТАН: Түлкібастық шаруа жаңа мал азығын өсіруге кірісті

ТҮРКІСТАН: Түлкібастық шаруа жаңа мал азығын өсіруге кірісті
– деп хабарлайды Пресса24 тілшісі.
Түлкібас ауданындағы «Борсық сай» шаруа қожалығы биыл мамыр айында алғаш рет сорго өсімдігінің жаңа сортын сынақ ретінде еккен. Бүгінде алғашқы өнімін жинауға дайындалып жатыр.
Аудан әкімі Асқар Естібаев шаруашылыққа арнайы барып, егін алқабындағы жұмыс барысымен танысты. Қожалық жетекшісі Данияр Мылтықбаевтың айтуынша, шетелден жеткізілген сорго — сүт бағытындағы ірі қараға өте құнарлы мал азығы. Қазіргі таңда дақыл 3 гектар жерге егілген.
Аудан басшысы бұл бастаманы оң бағалап, алғашқы өнімді жергілікті сүт өндірушілерге таратып көруді ұсынды. Егер тұтынушылардан оң пікірлер түссе, егіс көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.
Кәсіпкер алдағы жылы соргоны 15 гектарға дейін кеңейтіп, тамшылатып суару технологиясын енгізбек. Бұл әдіс суды үнемдеуге әрі өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, сорго — құрғақшылыққа төзімді, жылына төрт рет оруға болатын, биіктігі алты метрге дейін жететін дақ





