ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР СЕНБІЛІКТЕРГЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

 

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық акциясы аясында Жетісай ауданында да сенбілік жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Ауқымды шараға мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Әрбір ұжым өздеріне бекітілген аумақтар мен көшелерді тазалап, ортақ мекеннің көркеюіне үлес қосты. Жалпы 3700-ге жуық адам қатысқан сенбілікте санитарлық жұмыстармен қатар 300-ден астам ағаш көшеті отырғызылды.

Аудан әкімі Серік Мамытовтың айтуынша, тазалықты сақтау – туған жерге жанашырлықтың айқын көрінісі:
«Ауданымыздың көркейіп, гүлденуі әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Әркім өз ауласын, ауылын, қаласын таза ұстаса ғана ортақ үйіміз көркейеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса береді», – деді ол.