ТҮРКІСТАН: ЖОЛ СЕРВИСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

▪️Түркістан облысында республикалық жолдар бойындағы сервистік нысандарды жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Бұл шара жол бойындағы инфрақұрылымды жетілдіру және жол сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
▪️Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың тапсырмасымен Түркістан–Шымкент және Шымкент–Сарығаш бағыттарындағы сервистік нысандарға кешенді бақылау жүргізіліп, оларды заманауи талаптарға сәйкестендіру жұмыстары басталды. Жұмыс арнайы құрылған Жұмыс тобы тарапынан қадағаланып отыр.
▪️«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына қарасты нысандар толық жаңартылып, қызмет көрсету сапасы жақсарды. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлерге тиесілі сервистік нысандарда да жаңғырту және ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
▪️Қазіргі таңда 15 сервистік нысан толығымен жаңартылып, заманауи форматқа бейімделді. 70 нысанда жаңғырту жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл шаралар республикалық жолдардағы инфрақұрылымды біріздендіріп, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
▪️Жобаның нәтижесінде жол бойындағы аялдамалар мен сервистік орталықтар сапалы, ыңғайлы және қауіпсіз болмақ. Сонымен қатар жаңғыртылған нысандар туристер мен жүргізушілер үшін қосымша ыңғай мен қызмет көрсету деңгейін арттырады.
▪️Облыс әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, жол бойындағы инфрақұрылымның дамуына тұрақты назар аударып отырады.





