ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Түркістан облысында биыл 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, алғашқы алты айда 56 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 22 380 адам – тұрақты, ал 33 619 адам уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

Аймақ басшысы еңбек нарығына қажетті жұмысшы мамандықтарды даярлауға басымдық беріп, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 36,7 пайызы – жұмысшы мамандық иелері.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының мәліметінше, 375 инфрақұрылымдық жоба арқылы 4074 жұмыс орнын ашу көздел