Түркістанда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Түркістан облысында өрт қаупі жоғары маусым басталғалы бері дала және орман өрттерінің алдын алу шаралары күшейтілді. Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының апталық жиынында талқыланып, аймақ басшысы Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға ескерту жасады.

Әкім жол жиегіне минералды жолақ жүргізу жұмыстары мамырда аяқталуы тиіс болғанын, алайда кейбір аудандар бұл тапсырманы уақытылы орындамағанын атап өтті. Ол барлық аудан басшыларына өрт қауіпсіздігіне байланысты бекітілген іс-шаралар жоспарын сапалы орындауды және орман-дала өрттерінің алдын алуға қатысты жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Жиында облыстық ТЖД бастығы А.Төлешев пен азаматтық қорғау басқармасының басшысы С.Бүрлібаевтің есептері тыңдалды. Олардың айтуынша, облыста 478 ел