Түркістанда БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістанда журналистер мен баспасөз саласы мамандарына арналған дәстүрлі спартакиада өтті.
Жарысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан келген 10-ға жуық команда қатысып, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі және арқан тарту бойынша бақ сынады.
Жеңімпаздар анықталды
Тартысты өткен бәсекеде жалпыкомандалық есеп бойынша:
🥇 1-орын – «Баспасөз хатшылары» командасына бұйырды,
🥈 2-орын – «Turkistan» телеарнасы иеленсе,
🥉 3-орын – «Тұран БАҚ» командасына бұйырды.
Сонымен қатар үздік ойыншылар жеке номинациялармен марапатталып, барлық жеңімпаздарға қаржылай сыйақы табысталды.
БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл шара – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, әріптестік байланысты нығайтуға да сеп болды.





