Түркістанда ҚХА-ның XXVII сессиясы өтті: бірлік пен берекеге бағытталған басқосу

Tүркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының Түркістан облыстық XXVII сессиясы өтті. «Бірлік бастауы – берекелі Түркістан» атты жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, ҚХА Кеңесінің мүшелері, зиялы қауым, аудан-қала әкімдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар ұйымдары қатысты.
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев модераторлық етті. Ол бұл басқосудың қоғамды біріктіріп, өңірлік дамудың өзекті мәселелерін талқылайтын маңызды алаң екенін атап өтті. Жиын барысында аймақтағы этносаралық келісім, қайырымдылық бастамалар мен азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы жұмыстар сөз болды.





