Түркістандағы «Woosong» университетіне 400-ден астам талапкер құжат тапсырды

Түркістандағы «Woosong» университетіне 400-ден астам талапкер құжат тапсырды

Биылғы жаңа оқу жылында Түркістан қаласында ашылатын Қазақ-Корей бірлескен «Woosong University Kazakhstan» ІТ университеті талапкерлерді қабылдауды бастады. Қазірдің өзінде бұл оқу орнына 414 түлек құжаттарын тапсырып үлгерген.

Өтініш берген талапкерлердің географиясы кең:

  • Астана – 45
  • Алматы – 27
  • Атырау – 9
  • Ақтөбе – 7
  • Қарағанды – 7
  • Шымкент – 88
  • Түркістан облысы – 186

Сондай-ақ құжат тапсырғандар арасында Тараз, Ақтау, Қызылорда, Петропавл, Семей, Өскемен, Орал және Талдықорған қалаларынан да талапкерлер бар. Бұдан бөлек, Қарақалпақстаннан және Ираннан бір-бір талапкер университетте оқуға ниет білдірген.

Университет жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау, бағдарламалық қамтамасыз ету бағыттары бойынша мамандар даярлауды жоспарлап отыр.

Бұл оқу орны – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлескен жобасы. Студенттерге қолдау көрсету мақсатында облыс әкімдігі 100 грант бөлген.

Құжат қабылдау жұмыстары Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде жүріп жатыр.
📞 Қосымша ақпаратты келесі нөмірлер арқылы білуге болады:
+7 705 682 20 33,
+7 777 013 02 07,
+7 776 046 68 51,
+7 776 046 68 53.