ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА 32 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА 32 ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Сайрам ауданының Ақсукент ауыл округінде 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Соның алғашқы 32 пәтері пайдалануға беріліп, кезекте тұрған тұрғындарға тапсырылды.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңадан бой көтерген тұрғын үйлерді аралап, арендалық негізде берілетін пәтер кілттерін табыстады. Облыс басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, баспана – халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды фактор екенін айтты.

“Бүгін ашылып отырған бұл нысан – мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан әлеуметтік бастамалардың нақты нәтижесі. Облыста тұрғын үйге сұраныс жоғары. Соңғы 6 жылда 7700 отбасы баспаналы болды. Бүгін 32 отбасы жаңа үйге кіріп жатыр. Бұл – үлкен жетістік”, – деді облыс әкімі.

Баспана кімдерге берілді?
Жаңа пәтерлер көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға және жетім балаларға үлестірілді.

Тұрғын үй сипаттамасы:

  • 2 қабатты 6 үй
  • Жалпы аумағы – 1,1 гектар
  • 20 – бір бөлмелі, 40 – екі бөлмелі, 20 – үш бөлмелі пәтер
  • Құрылысты жеке инвестор 2024 жылы бастаған
  • Жоба «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылған

Кезектегі тұрғындар саны:
Облыс бойынша 69 мың адам баспана кезегінде тұрса, соның 4251-і Сайрам ауданынан. Осы сұранысты азайту үшін Ақсукент пен Ақбастау ауылдарында тағы 96 пәтерлі үйді сатып алу жоспарланған.

Облыс бойынша тұрғын үймен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жаңа үйлер облыс орталығы мен аудандарда бой көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға серпін беріп отыр.