ҰБТ-дан 140 балл жинаған түркістандық түлекке пәтер сыйланды

Түркістандық Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинап, рекорд орнатты. Осы жетістігі үшін ол білім алған қосымша білім беру орталығы тарапынан пәтер сертификатына ие болды. Бұған дейін орталық әлеуметтік желіде осындай уәде берген болатын.
Жәнібекке пәтер болашақта оқуға түсетін қаладан алынбақ. Сонымен қатар, жоғары көрсеткіші үшін оған iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және өзге де құнды сыйлықтар табысталды.