Жас мамандарға нақты қадам – алғашқы жұмыс тәжірибесі!

 

Шардара ауданының жас тұрғыны Құрманжанов Дархан Ержанұлы 2024 жылы Шардара аудандық “Мансап орталығына” жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, өзінің мамандығы бойынша алғашқы еңбек жолын бастауға мүмкіндік алды. Ол «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында аудандық тіркеу және жер кадастр бөліміне жұмысқа жолданып, кәсіби тәжірибе жинақтауда.

Бұл – жастар үшін кәсіби ортаға бейімделудің және тұрақты жұмысқа жол ашудың тиімді жолы!

Бағдарламаға қатысу үшін мына талаптар сәйкес келуі тиіс: ✅ Диплом болуы керек;
✅ Жасыңыз 35-тен аспауы тиіс;
✅ Диплом алғаныңызға 5 жылдан аспауы тиіс.

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

📍 Мекенжай:
Шардара аудандық “Мансап орталығы” филиалы, Қасымов көшесі, 17

📞 Байланыс нөмірі:
8 778 418 77 28 – Жастар практикасы маманы Төлегенова Самал