Бахытжан Торегожина өзіне қарсы ақпараттық шабуыл туралы мәлімдеді

Құқық қорғаушы Бахытжан Торегожина әлеуметтік желілерде өз бейнесі қолданылып, бөтен дауыс қойылған жалған видео тарап жатқанын хабарлады. Ол мұны арандату деп атап, жұртшылықты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
Торегожинаның айтуынша, 25 жыл бойы құқықтық көмекті тегін көрсетіп келеді, қымбат мүлкі жоқ, қарапайым өмір сүріп жатыр. «Менде үлкен ақша, көлік те, дача да жоқ. 40 жыл бұрын салынған екі бөлмелі пәтерде мысығым Микеланджело екеуміз тұрамыз», – деп жазды ол.
Құқық қорғаушы бұл шабуылдар Марат Жыланбаев туралы жарияланымынан кейін басталғанын айтып, құқық қорғау органдарынан жалған ақпарат таратушыларды анықтап, жауапқа тартуды сұрады.
Еске салсақ, бұған дейін де Торегожина өзінің қоғамдық қызметіне байланысты бірнеше рет ұсталып, айыппұл салынған болатын.





