Өзі де мұқтаж болса да, өзгеге қол ұшын созды: Шымкенттік әйел Құндыз бен Назгүлге ақшалай көмек берді

Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде еден жуушы болып жұмыс істейтін 60 жастағы әйел көпшілікті қайырымды әрекетімен тәнті етті.
Өзі де қарапайым еңбегімен күнелтіп отырғанына қарамастан, ол Құндыз бен Назгүлге арнап 60 мың теңге ақшалай жәрдем берді. Ақшаны журналист Руслан Өтепбайға табыстап, қыздарға жеткізіп беруін өтінген.
Бұл жүрекжарды қадам әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленіп, ел арасында жылы пікір туғызды. Көпшілік оның мейірімділігін ерекше бағалап, алғыстарын жаудырып жатыр.
Қарапайым адамның осындай қайырымдылығы – қоғамдағы ізгілік пен бауырмалдықтың айқын көрінісі емей немене?





