ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ СЕНБІЛІКТЕ 37 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕГІ СЕНБІЛІКТЕ 37 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
Түркістан облысы Төлеби ауданындағы демалыс аймақтарында өткен ауқымды экологиялық сенбілік барысында 37 тонна қоқыс жиналды. Іс-шара Қасқасу, Сайрамсу өзені бойы, Біркөлік, Ақмешіт, Тұрбаза сынды танымал табиғи аймақтарды қамтыды.
Сенбілікке 1900 адам қатысып, 15 арнайы техника жұмылдырылды. Табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында демалушыларға 400 қап тегін таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша 59 867 адам, 178 техника, 501 мекеме сенбіліктерге қатысқан. Нәтижесінде:
- 501 км облыстық,
- 757 км аудандық жол,
- 152 км ирригациялық арық,
- 98 км өзен-каналдар,
- 17 саябақ, 15 аллея, 19 спорт алаңы тазартылып,
- 995 тонна қоқыс шығарылды.
Бұл шаралар — Түркістан облысындағы табиғи аумақтарды сақтау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау бағытындағы жүйелі жұмыстардың көрінісі.





