ТҮРКІСТАНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ ЕКІНШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ ЕКІНШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты балалардың жазғы сауықтыру лагерінде екінші маусымның салтанатты ашылуы өтті.

Шараға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, депутат Бақдәулет Тұрманов, Әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Дәурен Досымбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Бақытжан Төлімбет пен ата-аналар қатысып, бүлдіршіндерге ізгі тілектерін арнады.

Қонақтар балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге тілектестік білдіріп, естелік суретке түсті. Балалар болса ел ағаларына алғысын ән-би мен өнер көрсетулері арқылы жеткізді.

Ауысымда Түркістан қаласы мен Сауран ауданынан 350 оқушы тынығып жатыр.