ТҮРКІСТАНДА БАЛАБАҚША ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА БАЛАБАҚША ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан қаласындағы «Толағай» бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйым меңгерушілерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Басқосуды қалалық білім бөлімінің басшысы Бақытжан Төлімбет жүргізді.
Кездесуде 2024–2025 оқу жылына арналған жоспарлар талқыланып, өткен оқу жылындағы жұмыстар қорытындыланды. Сондай-ақ, педагогтердің үздік тәжірибелері ортаға салынып, мониторинг нәтижелері бойынша талдау жүргізілді.
Мәжілісте мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның мәселелері де көтерілді. Бұл ретте білім алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыру жүйесіне қатысты нақты ұсыныстар айтылды.
Бақытжан Төлімбет ұжым белсенділігіне алғыс білдіріп, нақты жоспармен жүйелі жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.





