ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептерді биыл 3063 оқушы тәмамдады. Бүгін білім ордаларының ауласында қорытынды аттестаттау сынақтарын сәтті аяқтаған түлектерге аттестат тапсыру салтанатты жиындары өтті.

Биылғы түлектердің арасынан 178 оқушы – «Алтын белгіге», 250 оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде танылды. Қорытынды нәтижелерге сәйкес, үздіктер ерекше үлгідегі аттестаттарын иеленді.

Ж.Тәшенов атындағы №23 IT мектеп-лицейі мен «Тұлға» жалпы білім беретін мектебінде өткен салтанатты рәсімге қалалық білім бөлімінің басшысы Бақытжан Төлімбет пен әдістемелік кабинет меңгерушісі Айна Қаратайқызы қатысып, үздік оқушыларға марапаттарын табыстады. Сондай-ақ, халықаралық және республикалық білім сайыстарының жеңімпаздары да назардан тыс қалмады.

Мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп бітірушілерге жарқын көңіл-күй сыйлады.