ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТРИУМФ: САУРАН ӨНЕРПАЗДАРЫ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТРИУМФ: САУРАН ӨНЕРПАЗДАРЫ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістанда өткен дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде Сауран ауданының шығармашылық ұжымдары жоғары өнерімен жарқырап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Айтыс пен терме, дәстүрлі ән мен би, ұлттық аспаптар үні, әжелер ансамблі мен салт-дәстүр көріністері сахнада халқымыздың рухани мұрасын қайта тірілтті. Сонымен қатар, қолөнер бұйымдары мен аудан жетістіктерінен құралған көрме де көпшіліктің қызығушылығын оятты.
Қазылар шешімі бойынша Сауран ауданы келесі кезеңге өтіп, ақтық сынға бір қадам жақындады. Фестивальдің келесі кезеңі алдағы уақытта өтеді.
Барлық өнерпаздарға және қолдау көрсеткен көрермендерге зор алғыс білдіреміз!





