САУРАНДА «ҮКАША АТА» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

САУРАНДА «ҮКАША АТА» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ
Сауран ауданында жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Үкаша ата» кесенесі маңында ауқымды тазалық және абаттандыру шарасы өтті. Игі іске аудан әкімі Мақсат Таңғатаров та қатысып, жергілікті тұрғындармен бірге еңбек етті.
Қасиетті орын айналасын көркейту арқылы тек сыртқы тазалық емес, ұлттық сана мен туризм әлеуеті де арта түспек. Аудан басшысы сөзінде 53 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында жүйелі тазалау жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.
Жалпы 90 гектарды қамтитын кесене аумағында қураған шөптер мен ағаштар жиналып, бұлақ көзі ашылды. Құдық маңы тазартылып, бейберекет тасталған металл ыдыстар алынып тасталды. Акцияға ауылдық округтерден келген жүзден астам тұрғын мен мемлекеттік қызметкер белсене атсалысты.
Бұл шара – киелі жерлердің тазалығы мен сақталуына, сондай-ақ тарихи-рухани нысандардың келешек ұрпаққа бүтін күйде жеткізілуіне жасалған нақты қадам.





