ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ӨТТІ

2025 жылдың 9 маусымында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Бақылау барысында:
- Қызметкерлердің құзыреттілігі мен кәсібилігі,
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған қолайлы жағдай,
- Қызмет алушыларды қабылдаудың ұйымдастырылу деңгейі,
- Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жабдықталуы
сықылды негізгі көрсеткіштер назарға алынды.
Бақылау нәтижелері бойынша, қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар берілді.





