Сарыағаш: Сүт фермасы ауыл шаруашылығында тың серпін беруде

Сарыағаш: Сүт фермасы ауыл шаруашылығында тың серпін беруде

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіндегі «Шаркул Фуд» ЖШС-нің сүт фермасына барып, өндірістік үдерісті көзбен көрді.

Ферма басшылығы әкімге алдағы жоспарларын таныстырып, сүт өңдеу бағытын қолға алу және өнім көлемін арттыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Қазіргі таңда кешенде 1080 бас ірі қара мал өсірілуде, оның ішінде 400-і сауынды сиыр. Тәулігіне 7 тоннаға дейін сүт өндіріледі.

Ферма толықтай заманауи құралдармен жабдықталған: мал азығын дайындау, сауу, сақтау және тасымалдау жұмыстарында автоматтандырылған жүйе қолданылады. Мұнда 30 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс істейді.

– Ауыл шаруашылығын дамыту – аудан үшін маңызды сала. Мұндай сүт фермалары – азық-түлік қауіпсіздігі мен халықты сапалы өніммен қамтуда маңызды орын алады, – деді Арман Абдуллаев.