Түркістан облысы Қытаймен үш ірі инвестициялық жобаны іске асырады

Түркістан облысы Қытаймен үш ірі инвестициялық жобаны іске асырады

Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» II индустриялық-инновациялық форумында Түркістан облысы жалпы құны 300 млн доллардан асатын үш инвестициялық жоба бойынша Қытай компанияларымен келісімге келді.

Бірінші жоба Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы мен Шардара–Арыс бағытындағы халықаралық жолды дамытуға бағытталған. Инвестор — «China Railway Asia – Europe Construction Investment Co LTD».

Екінші жоба — майлы дақылдарға арналған индустриялық парк құрылысы. Құны – 140,7 млн доллар. Жоба бастамашысы — «Jinxin (Si’an) Seed Technology Co., Ltd.». Іске қосылғанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады.

Үшінші жоба — трансшекаралық сауда орталығының құрылысы. Құны – 160 млн доллар. Орталық 1000-нан астам адамды жұмыспен қамтиды. Жобаны «Portuguese-speaking (Xi’an) Technology Development Co., Ltd.» жүзеге асырады.

Форум аясында жалпы сомасы 24 млрд долларды құрайтын 58 келісімге қол қойылды. Түркістан облысы Шэньси және Хубэй провинцияларымен әріптестік орнатуды жоспарлап отыр.