Арыста кеурек қазған шетел азаматтары ұсталды

Арыста кеурек қазған шетел азаматтары ұсталды

Арыс өңірінде табиғи дәрілік өсімдік – кеуректі заңсыз қазып жүрген шетел азаматтары анықталды. Бұл рейдтік шара Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, табиғат қорғау прокуратурасы, облыстық полиция мен жергілікті әкімдік өкілдерінен құралған арнайы жұмысшы топтың бақылауымен жүзеге асырылды.

Тексеру барысында Монтайтас және Қожатоғай ауылдық округтерінің далалық аймағында үш шетел азаматы шатыр тігіп, қазан-ошақ орнатып, кеурек жинауға дайындық жүргізіп жатқаны белгілі болды. Олардың шекараны заңсыз кесіп өткені анықталған.

Оқиға орнында жайылым иесіне акт толтырылып, шетел азаматтары Арыс аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір бұл іске қатысты тиісті заңды шаралар қабылдануда.

Арыс қаласының Жер қатынастары бөлімі тұрғындарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді заңсыз қазу немесе бүлдіру ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Рейдтік шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.