Түркістан облысының теннисшілері ел чемпионатында жүлдегер атанды

Түркістан облысының теннисшілері ел чемпионатында жүлдегер атанды
Қарағанды қаласында 2-8 маусым аралығында үстел теннисінен 2014 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Додада Түркістан облысының жас спортшылары 6 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді.
Назерке Болатбек қыздар арасындағы жұптық сайыста алтын медаль еншілесе, жекелей сында қола жүлдеге ие болды. Имронбек Шухратов ұлдар жұбында, ал Ұлданай Нәзір қыздар жұбында қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ аралас жұптар жарысында Әлтаир Әбубәкір мен Назерке Болатбек те қола медальді қанжығалады.
Жас спортшылардың бұл жетістігі — өңірдегі теннис мектебінің жүйелі жұмысының нәтижесі.





