Бәйдібек: «Отбасы – бақыт ұясы» атты сайыс өтті

 

Бәйдібек аудандық мәдениет үйінде Халықаралық отбасы күніне орай мәдениет қызметкерлері арасында «Отбасы – бақыт ұясы» атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды.

Байқауға қатысушылар өнер көрсетіп, түрлі спорттық сайыстарда бақ сынады. Әділ қазылар шешімімен:

  • 1 орын – Шаян ауылдық округінен қатысқан Таевтар отбасы,
  • 2 орын – Алғабас ауылдық округінен қатысқан Бегалиевтер отбасы,
  • 3 орын – Боралдай ауылдық округінен қатысқан Шыналиевтер отбасы иеленді.

Сондай-ақ, «Үлгілі отбасы» арнайы жүлдесі Бөген ауылдық округінен Елтаевтар отбасына табысталды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!