Түркістандық параканоэ шеберлері Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

Түркістандық параканоэ шеберлері Азия чемпионатында 5 медаль жеңіп алды

Таиландтың Районг қаласында өткен параканоэден Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары сәтті өнер көрсетті. Облыстық су спорт түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бес жүлде жеңіп алды.

Бибарыс Спатай KL2 және VL3 санаттарында 200 және 500 метр қашықтықта бақ сынап, екі алтын және бір қола медаль иеленді. Ал Жаныл Балтабаева әйелдер арасында KL3 санатында дәл осы қашықтықтарда екі күміс жүлдеге қол жеткізді.

Чемпионатқа Азияның 10 елінен 123 параатлет қатысты. Түркістандық спортшылардың бұл жетістігі — өңірдегі параспорт дамуының айқын көрсеткіші.