Түркістандық параканоэшілер Азия чемпионатында 5 медаль иеленді

Түркістандық параканоэшілер Азия чемпионатында 5 медаль иеленді
Таиландтың Районг қаласында өткен параканоэ бойынша Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары 5 медаль жеңіп алды. Жарысқа Азияның 10 елінен 123 параатлет қатысқан.
Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Бибарыс Спатай мен Жаныл Балтабаева ел намысын абыроймен қорғады.
200 және 500 метр қашықтықтарда KL2 және VL3 санаттарында Бибарыс Спатай екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды. Ал KL3 санатында сынға түскен Жаныл Балтабаева дәл осы қашықтықтарда екі күміс медаль еншіледі.





