Сарыағашта жастар арасында плогинг сайысы өтті

Сарыағашта жастар арасында плогинг сайысы өтті
Сарыағаш ауданының Дербісек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастар арасында плогинг сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа ауданның түрлі ауылдық округтерінен жиналған 7 команда қатысты. Ашылу рәсімінде аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрғали Отаров қатысушыларға сәттілік тілеп, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын атап өтті.
30 минутқа созылған сайыс барысында қатысушылар мүмкіндігінше көп қоқыс жинауға тырысты. Жеңімпаздар жиналған қалдықтардың көлемі мен салмағына қарай анықталды:
- І орын – «Дарбаза жастары»
- ІІ орын – «Ақжар жастары»
- ІІІ орын – «Қызылжар жастары»
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Акция нәтижесінде 1 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Шара жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.





