АРЫСТА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

АРЫС. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылау мақсатында Арыс қаласында қоғамдық бақылау шаралары жүргізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Қоғамдық бақылауды Арыс қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы Еркін Исаев жүргізді. Тексеру жұмыстары Арыс аудандық ауруханасы мен Ақдала ауылдық округі әкімдігіне бағытталды.
Бақылау барысында:
- Мекемелерде мүгедектігі бар азаматтар үшін пандустар орнатылғаны;
- Кезексіз қызмет көрсетуге жауапты мамандар бекітілгені;
- «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылып, қажеттілігіне қарай кеңесші мамандардың көмегі ұсынылатыны анықталды.
Сонымен қатар, қоғамдық бақылау барысында проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізіліп, кейбір кемшіліктер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытындағы мұндай бақылау шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.





