Жетісайда 100 жасқа толған соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай ауданында ғасыр жасаған соңғы соғыс ардагері Петр Кузьмич Папковты туған күнімен құттықтау рәсімі өтті. Ардагердің 100 жасқа толуына орай аудан әкімі Серік Мамытов арнайы барып, ақ батасын алып, құрмет көрсетті.

«Сіздердің от пен оқтың арасындағы жанкешті ерліктеріңіз ел жадында. Ардагерлерге деген құрмет – ұрпақтың парызы», – деді аудан басшысы.

Петр Кузьмич Папков 1925 жылы 20 маусымда Татарстан Республикасындағы Максимовка ауылында дүниеге келген. 1942 жылы майданға аттанып, 73-гвардиялық армияның 105-полк құрамында Киев, Бухарест пен Венгрия қалаларын азат ету шайқастарына қатысқан. Соғыстан кейінгі қиын кезеңде құрылыс батальонында еңбек етіп, елге оралған соң ауыл шаруашылығында тер төкті. Зейнетке шыққанға дейін трактор жүргізушісі болып жұмыс істеді.

Ардагердің жанқиярлық еңбегі мен ерлігі мемлекет назарынан тыс қалған жоқ. Ол «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. Өткен жылы ардагерге жаңа үйдің кілті табысталса, биылғы мерейтойы қарсаңында **5 миллион теңге көлеміндегі қаржылай