Түркістанда мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан қаласында салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

– Мемлекеттік қызметші болу – халық пен ел алдындағы жауапты міндет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттік қызметшінің сапасы – бүкіл еліміздің сапасы» деп нақты айтты. Сондықтан әрбір қызметкер өзінің іскерлігімен, адалдығымен ел дамуына үлес қосуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Бүгінде өңірде 6 331 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Соңғы бір жылда олардың 231-і қызметте жоғарылап, меритократия қағидаты іс жүзінде көрініс тапқан. Сонымен қатар, өңірде 2021 жылдан бері 210 ауыл әкімінің сайлауы өтті, кадр резервіне 32 адам қабылданып, олардың 13-і қызметке орналасты.

Мерекелік жиында бірқатар мемлекеттік қызметші «Мемлекеттік қызмет ардагері» мен «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен, облыс әкімінің алғыс хаттары және грамоталарымен марапатталды. Облы