ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ЖӨНДЕУІ МЕН ЛАГЕРЬЛЕР ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түлкібас, Сайрам және Төлеби аудандарында жұмыс сапарымен болып, білім нысандарының жөндеу жұмыстары мен жазғы лагерьлердің дайындығын тексерді.
Түлкібастағы Ә.Науаи мектебіне күрделі жөндеу басталған. 1970 жылы салынған білім ұясы 600 оқушыға арналған. Жөндеу жұмыстарын «Шаңырақ» өндірістік кооперативі жүргізіп жатыр, құрылыс 2026 жылға өтпелі.
Сайрам ауданындағы №89 Қайнарбұлақ пен №3 Хамза атындағы мектептерде де ағымдағы жөндеулер басталды. Жауапты мердігерлер — «NT-Group» және «Kemel Story Group» ЖШС. Әкімдік өкілдері жұмыстарды сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.
Жазғы демалыс лагерлерінің дайындығы да назарда. Түлкібастағы «Болашақ» лагерінде 314 бала демалуда. Лагерьге қосымша модульді ғимарат салу жоспарланып отыр. Төлебидегі «Алатау» лагерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, жаңа бассейн салынып, инфрақұрылым толық жаңартылған.
Облыс әкімінің орынбасары барлық нысандарда жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде атқарылуы қажеттігін ескертті.





