САРЫАҒАШТА ЖУРНАЛИСТЕР МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

 

Сарыағаш ауданында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай жергілікті журналистерге арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырылды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев өңірдегі БАҚ өкілдерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кездесу барысында әкім ақпарат саласының маңыздылығына тоқталып, тілшілердің шынайы және жедел ақпарат таратудағы еңбегіне алғысын білдірді.

– Қоғам мен билік арасындағы сенімді байланысты қамтамасыз етіп отырған ақпарат құралдарының жұмысы – аса маңызды. Аудан өміріндегі оң өзгерістер мен игі бастамалардың барлығы сіздердің қаламдарыңыз арқылы елге жетіп отыр, – деді аудан басшысы.

Шара соңында өңірлік медианың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар журналистер мен редакция ұжымдарына алғыс хаттар табыс етілді.