Қазығұртта тұрғындардың мәселелері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді

Қазығұрт ауданында азаматтарды жеке қабылдау шарасы өтті. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов тұрғындармен жүздесіп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне құлақ түрді. Қабылдауға жауапты мекемелер мен ауыл әкімдері де қатысып, қойылған сұрақтарға тікелей жауап берді.
Келушілер негізінен үй жанындағы жер телімдерін алу, ауызсу мен газ жүйелерін жақсарту, көше шамдарын орнату және әлеуметтік қолдау секілді түйткілдерді көтерді. Әкім әрбір мәселені жеке қарап, заң шеңберінде түсініктеме беріп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесу қорытындысында тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне көтерілген проблемаларды бақылауға алып, уақытылы шешу қажеттігі қатаң ескертілді.
Бұл — билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелердің уақытылы шешілуіне бағытталған жүйелі жұмыстың бір көрінісі.





