СОЗАҚ АУДАНЫНДА «ФУРМАНОВ» КАНАЛЫ ТАЗАЛАНА БАСТАДЫ

СОЗАҚ АУДАНЫНДА «ФУРМАНОВ» КАНАЛЫ ТАЗАЛАНА БАСТАДЫ,деп жазады Пресса24
Созақ ауданында ирригациялық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында ұзындығы 120 шақырымды құрайтын «Фурманов» айналма каналының механикалық тазалау жұмыстары басталды. Канал Мойынқұм ауданындағы Фурманов су торабынан бастау алады.
Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын бұл нысанды тазарту — су өткізу қабілетін арттырып, егіс алқаптарын тиімді суару мүмкіндігін жақсартуға бағытталған. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, канал бойындағы ластанған және тозған учаскелер толық тазартылатын болады.





