Сарыағаш: Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Сарыағаш ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев бірқатар кездесулер өткізіп, аудан тұрғындарының мәселелерін тыңдады.
Алдымен депутат «AMANAT» партиясының аудандық филиалында аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Жәнібек Сүлейменов, Уалихан Рахиев, сондай-ақ Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Күмісбек Жаппаров, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Тұрғындар тарапынан тұрғын үй, ауыз су, әлеуметтік көмек және инфрақұрылым мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. Көтерілген мәселелерге аудан әкімі заң аясында жауап беріп, шешу жолдары қарастырылатынын айтты. Ал бірқатар маңызды мәселелерді Мәжіліс депутаты өз бақылауына алатынын жеткізді.
Сапар аясында Темір Қырықбаев аудандық мәслихат депутаттарымен де кездесіп, еркін форматта пікір алмасты. Кездесуде фракция мүшелері аудандағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі ауылдарды ауыз сумен, газбен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жақсарту, мектеп және әлеуметтік нысандар салу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.





