Түркістанда президент тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларды орындау жұмыстары күшейеді

Түркістанда президент тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларды орындау жұмыстары күшейеді,-деп хабарлайды Пресса24.кз .

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында білім, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту салаларындағы президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу процестері мен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар пысықталды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары жауапты басқарма басшыларына бағдарламаларды уақытылы және сапалы жүзеге асыруды тапсырды. Оның айтуынша, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен бұл бағыттарда жүйелі жұмыстар қолға алынған.

– Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы тұрақты бақылауда. Сатып алу процестері уақтылы жүзеге асырылуы тиіс. 2025 жыл – Президент Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Осыған орай «Мансап» орталығы арқылы жұмысшыларды еңбекпен қамту жұмыстарын күшейтіп, арнайы жылдың салтанатты ашылуын ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында шараларды үйлестіруді жандандырып, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің аулаларын абаттандыру мен көгалдандыруға баса мән беріңіздер, – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Жиында жауапты сала өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе нақты нәтижелерге бағытталған жұмыстарды күшейтуді тапсырды.