Кентау мен Сауранның жастары достық пен бірлікті дәріптеді

Кентау мен Сауранның жастары достық пен бірлікті дәріптеді

Кентау қаласында өткен «Ынтымағы жарасқан жастар» атты тағылымды кездесу екі өңірдің жас буынын бір мақсатқа тоғыстырды. Кентау қаласы мен Сауран ауданы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен өткен шара — жастар арасында достықты нығайтып, тарихи және мәдени сабақтастықты жандандыруға бағытталды.

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейітжанов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, сондай-ақ екі өңірдің прокурорлары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Кентау мен Сауранның тарихы мен тағдырының ортақ тұстарын тілге тиек етіп, жастарды елдің болашағы ретінде ынтымақ пен жауапкершілікке шақырды. Аға буын жастарға ақ тілектерін арнап, ұлт болашағына сенім білдірді.

Шара аясында ұйымдастырылған спорттық жарыстар қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл басқосу — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, бірлік және елжандылық қасиеттерін қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.