Түркістан: Сайрамның кірісін арттыру жолдары талқыланды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты. Сондай-ақ аудан активімен кездесіп, өңірді дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Кездесу барысында облыс басшысы Сайрам ауданының әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанын сынға алып, аудан мен ауыл округтері әкімдеріне жұмысты ширатуды тапсырды.
– Жол жөндеу, инвестиция тарту, кіріс көздерін ұлғайту, салық жүйесіндегі кемшіліктерді жою – бұл өңірлік басқару үшін негізгі басымдықтар. Экономиканы әртараптандыру және жергілікті жобаларды іске асыру – стратегиялық міндет. Осыған байланысты әр ауылдық округ бойынша 2025 жылға жоспарланған жобаларға нақты мерзімдермен Жол картасын әзірлеуді 10 күн ішінде тапсырамын. Мемлекеттік міндеттерге салғырт қараған әкімдер тәртіптік жауапкершілікке тартылады, – деді облыс әкімі.
Көшеров “Таза Қазақстан” бағдарламасын сапалы әрі нақты нәтижемен орындау керектігін де атап өтті.
Кездесуде Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов есеп беріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Басқарма басшылары да өз бағыттары бойынша индикаторлардың орындалуы туралы ақпарат берді.
Аудан экономикасы өсім қарқынын көрсетуде:
– 5 ай ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетіп, 32,6% өсім тіркелген;
– Жалпы өнімнің 32,9%-ы ауыл шаруашылығына, 26,8%-ы өнеркәсіпке тиесілі;
– Биыл жыл соңына дейін өңірлік өнім көлемін 354 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған (13,4% өсім күтіледі).
Ауыл шаруашылығы бойынша:
– 5 айда 37,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген;
– Оның ішінде мал шаруашылығы – 35,6 млрд теңге, өсімдік шаруашылығы – 1,6 млрд теңге;
– 14,9 мың тонна ет, 71,8 мың тонна сүт өндірілген.
– Агроөнеркәсіп кешеніндегі өнім көлемін жыл соңына дейін 160 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ ауданға 29,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге көп. Тартылған қаражаттың 73,6%-ы – жеке инвестициялар.
Облыс әкімінің сапары нәтижесінде нақты тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны айтылды.