Арыста арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі басталды

Арыста арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі басталды

Арыс қаласында Қала күні мен Теміржолшылар мерекесіне орай тұрғындарға арналған бір апталық азық-түлік жәрмеңкесі басталды. Сауда шарасы «Несібелі ана» сауда қатары аумағында өтуде.

Игі бастама қала әкімдігінің қолдауымен және жеке кәсіпкердің ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағамен ұсынылып отыр. Бұл – мереке қарсаңында халыққа нақты жасалған көмек.

Сатылымға шығарылған өнімдердің қатарында:

  • өсімдік майы (5 литр) – 3450 теңге,
  • картоп – 180 тг/кг,
  • ұн (50 кг, І сорт) – 10 500 теңге,
  • пияз – 130 теңге,
  • сәбіз – 230 теңге,
  • шекер – 400 теңге.

Сауда қатары Пернебек Үсенбай мейрамханасының жанында орналасқан. Жеке кәсіпкердің айтуынша, алдағы күндері сатып алушылардың сұранысына байланысты тауар түрлері кеңейтіледі.

Жәрмеңке бір аптаға созылады. Арзан бағадағы өнімді алу мүмкіндігі – әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үлкен жеңілдік. Қала тұрғындарына күнделікті қажетті азық-түлікті тиімді бағамен сатып алу үшін бұл шараны жіберіп алмауға кеңес беріледі.