ШУ АУЫЛЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚ САЯБАҚ АШЫЛДЫ

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Шу ауылында тұрғындардың демалысына арналған заманауи үлгідегі орталық саябақ пайдалануға берілді.

Жаңа демалыс орны ауыл тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізуіне және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға арналған. Саябақ аумағында 20 орындық, 5 демалыс бұрышы, 34 жарық шам және 100 адамға арналған сахна кешені орнатылған.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, ел игілігіне арналған бұл жобаның маңыздылығын атап өтті.

Көгалдандыру аумағы 2400 шаршы метрді құрайтын саябақта 700 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы төселіп, арбат аймағы жасақталған. Сондай-ақ келушілердің қолайлылығы үшін автотұрақ та қарастырылған.