Түркістан облысының балуандары Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Алматы қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Бірнеше күнге созылған жарысқа еліміздің 20 өңірінен ең таңдаулы балуандар қатысып, жоғары деңгейдегі бәсекелестік байқалды.
Әйелдер күресінде Түркістан облысының командасы айрықша нәтижесімен көзге түсті. Облыс спортшылары жалпы 9 медаль жеңіп алып, өздерінің дайындық деңгейін дәлелдеді. Команданың қоржыны 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медальмен толықты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
Алтын жүлде иегерлері:
• Өмірбек Шұғыла – 55 кг
• Раймова Нилуфар – 57 кг
Күміс жүлдегерлер:
• Аман Мадина – 59 кг
• Тастанбек Шәмшиябану – 72 кг
Қола жүлдегерлер:
• Марқашева Аяжан – 53 кг
• Искандарова Жасмин – 62 кг
• Өсербай Гүлдана – 65 кг
• Эламас Зейнеп – 72 кг
• Таспамбетова Балжан – 76 кг
Жекелеген салмақ дәрежелеріндегі осындай тұрақты әрі сенімді нәтижелердің арқасында Түркістан облысы жалпы командалық есепте 1-орынға ие болды.
Облыс спортшыларының бұл жетістігі өңірдегі күрес мектебінің қарқынды дамып келе жатқанын және жас спортшыларды дайындау жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.





