AMANAT” ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЧЕМПИОНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев өңірдің атын халықаралық жарыстарда асқақтатып жүрген жас спортшыларды қабылдап, олардың жетістіктерімен құттықтады.

Айта кетейік, партия мүшесі, халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген спортшы Ғани Темірәліұлы 2023 жылы Азияның ең ірі жарысы Самарқанд марафонының жеңімпазы атанды. Сол жылы Абу-Даби марафонында Қазақстан туын желбіреткен ол жуырда “TAN Turki Alliance of Long Runs” сериясының алғашқы марафонында да жеңіске жетті. Сонымен қатар, қазақ күресі спортын әлемдік деңгейде дамытып жүрген Кәрім Асылжан 29 қазан күні қазақ күресінен Азия чемпионы атағын иеленді.

Алтынсары Дүйсенбекұлы жас чемпиондарды жетістіктерімен құттықтап, олардың спорттағы табандылығы мен еліне деген адалдығын атап өтті.

«Тәуелсіз еліміздің абыройын әлемдік аренадан қорғап, жеңіспен оралып жүрген жас спортшылар – ұлтымыздың мақтанышы. Сіздер сияқты жігерлі, білімді, еңбекқор жастар барда Қазақстанның болашағы жарқын. Спорт арқылы ел намысын қорғап, Түркістанның атын халықаралық деңгейде танытып жүргендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Бұл жеңістер тек жеке табыс емес, бүкіл өңірдің мерейі. Сіздерге мықты денсаулық, жаңа белестер мен толағай табыстар тілеймін. «AMANAT» партиясы жастар бастамаларын әрдайым қолдайды», – деді филиал төрағасы.

Шара соңында чемпиондарға партия атынан алғыс хаттар табысталып, сый-сияпат ұсынылды. Кездесу жастардың жігерін арттырып, спорттағы жетістіктерді дәріптеуге бағытталды. Бұл іс-шара өңір спортының дамуына және жас чемпиондарды қолдаудың нақты көрінісі болып отыр.