КЕНТАУ: ҚАРНАҒА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН ЕТ КӘСІПОРНЫ САЛЫНУДА

КЕНТАУ: ҚАРНАҒА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН ЕТ КӘСІПОРНЫ САЛЫНУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласына іссапармен барып, Қарнақ ауылында бой көтеріп жатқан бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты. Сапар аясында өңір басшысы мәдениет, ауыл шаруашылығы және өндіріс салалары бойынша жобалардың іске асу барысын бақылап, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Мәдениет үйі – ауыл тіршілігінің өзегі

Қарнақ ауылында 300 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылысы жүруде. Екі қабатты нысанның жалпы аумағы — 0,7 гектар. Жарықтандыру және ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынған. Құрылысты «РСУ-1» ЖШС жүргізуде. Биыл жобаны жүзеге асыруға 793 млн теңге бөлінген. Нысан «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Құрылыс 2025 жылдың соңында немесе 2026 жылы аяқталады деп күтілуде.

Өңір әкімі мердігерлерге жұмысты сапалы әрі мерзімінде бітіруді, жобалық ақауларды дер кезінде түзетуді қатаң тапсырды.

Kaz Real Meat – ірі қараға арналған бордақылау алаңы

Әкім Қарнақтағы 31 гектар аумақта бой көтеріп жатқан «Kaz Real Meat» бордақылау кешенінің құрылысымен де танысты. Жоба құны – 1 млрд теңге.

  • 1-кезеңде – 1500 бас ірі қара бордақыланбақ;
  • 2-кезеңде – қуаттылық 5000 басқа жетпек;
  • 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылады;
  • Өнім ішкі нарыққа бағытталып, шетелге экспортталмақ.

Жаңа өндірістік парк

Сапар аясында облыс басшысына Қарнақ ауылында ашылуы жоспарланған шағын өндірістік парк жобасы да таныстырылды. Бұл бастама жергілікті кәсіпті жандандырып, ауылдағы жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған.