КЕНТАУ: ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМУДА – ЖАҢА ЖОБАЛАР, ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласындағы индустриалды аймақтың қазіргі ахуалымен танысты. Өңір басшысы жұмыс сапары барысында өндірістік кәсіпорындарды аралап, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ол сала мамандарына өндірісті дамыту мен инвесторлар тарту бағытында нақты тапсырмалар беріп, бұл саланың өңір экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

📌 Кентау индустриалды аймағы 43 гектар аумақты алып жатыр. Қазіргі таңда мұнда 7 жоба іске асқан, биыл тағы 3 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Әкім «АБН Альянс» ЖШС полиэтилен құбырларын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, зауыт аумағында кірпіш өндірісі де жолға қойылған. Бұл өндіріс орнында 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның жалпы құны – 1,5 млрд теңге.

2025 жылы Кентауда барлығы 16 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобалар толық іске қосылған жағдайда 492 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның ішінде өнеркәсіп саласы бойынша нақты 4 жоба жүзеге асырылмақ.
– 2 жоба арнайы экономикалық аймақта
– 2 жоба индустриалды аймақта қолға алынбақ.

Назар аударарлық өндірістік жобалар:

  • «TURAN SHENHUA» ЖШС: газ қазандықтары мен тұрмыстық техника шығарады. 120 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Құрылыс қараша айында аяқталады. Жобаның құны – 2,4 млрд теңге.
  • «АйдарСтройГрупп» ЖШС: металл бұйым