Сайрам: Қожақорғанда жаңа мектеп құрылысы қарқын алды

Сайрам ауданына қарасты Қожақорған елді мекенінде 800 орындық жаңа жеке меншік мектеп бой көтеріп жатыр. Жаңа оқу жылында есігін ашуы жоспарланған бұл білім ошағы заманауи стандарттарға сай салынып, оқушыларға жайлы әрі сапалы білім беру үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Аудан әкімі Арман Сабитов құрылыс нысанында болып, жұмыс барысын тексерді. Ол мердігерлерге сапаға ерекше мән беруді тапсырды. Сонымен қатар, мектептің ішкі жоспарлануы мен оқушыларға арналған жағдайлардың толық қамтылуын басты назарға алды.

«Х.Хайтенов» атындағы бұл жеке мектеп пайдалануға берілген соң, ауыл балалары үшін қолжетімді әрі жаңа үлгідегі білім алу мүмкіндігі артады. Қазіргі таңда құрылыс кестеге сай жүргізілуде.

Жаңа мектептің ашылуы – ауылдық округтегі білім саласын дамытуға бағытталған нақты қадам.