Сайрамда экологиялық сенбілікке ел болып шықты

Түркістан облысының Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті. Табиғатты қорғауға арналған бұл шараға аудан әкімі Арман Сабитов бастаған жергілікті билік өкілдері, мәслихат депутаттары, еріктілер мен тұрғындар жұмыла атсалысты.

Қатысушылар көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, жасыл желектерді күтіп-баптады. Сенбілік барысында бірнеше елді мекен аумағы күл-қоқыстан аршылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Шараның басты мақсаты – тұрғындарды экологиялық жауапкершілікке баулу және қоршаған ортаға ұқыппен қарау мәдениетін қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар тек тазалықпен шектелмей, туған жерге деген жанашырлық пен қоғамдық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясындағы жұмыстар өңірде жалғасатын болады.