Сайрамда сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдері талқыланды: басты мақсат — ашықтық пен жауапкершілік

 

Сайрам ауданында қоғам сенімін нығайтып, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды жиын өтті. Аудан әкімі Арман Сабитов төрағалық еткен комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.

Комиссия күн тәртібіне сәйкес алғашқы болып сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаңабек Хамраев, қоғамдық санада жемқорлыққа «нөлдік төзбеушілік» қағидасын орнықтыру бағытында атқарылған ақпараттық жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері аудандық басылымдарда 15 мақала жарық көрсе, «SAIRAM» телеарнасы арқылы 6 бейнеролик көрсетілген. Сонымен қатар, LED экрандар мен көшелердегі баннерлер арқылы да жүйелі үгіт-насихат жүргізілуде.

Құрылыс саласындағы ашықтық мәселесіне тоқталған бөлім басшысы Әлібжан Ибрагимов Қарасу ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жоспардан кешігіп жатқанын айтты. Мердігерге айыппұл салынған, енді нысан 2025 жылдың шілдесіне дейін толық аяқталуы тиіс. Басқа инфрақұрылым жобалары да аудан әкімінің жеке бақылауында.

Ал «Сайрам аудандық мансап орталығының» директоры Абылай Ахметов мекемеде 55 қызметкердің жұмысы тұрақты қадағаланатынын жеткізді. Қызмет сапасын арттыру үшін ішкі талдау жүргізіліп, халықпен байланыс мақсатында сенім жәшігі мен түсіндіру бейнероликтері қолданылуда.

Көлкент ауылдық округінің әкімі Уткиржон Юлдашов та құқықтық мәдениетті арттыру үшін ауылда жүйелі сабақтар өткізіліп, тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беріліп жатқанын баяндады.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Сабитов мемлекеттік қызметшілерге тұрғындармен қарым-қатынасты барынша ашық әрі сыпайы жүргізуді тапсырды. Сонымен